Гүлжамал Құрманғалиева | өмірбаяны

0

Гүлжамал Құрманғалиева — 1929 жылы Семей облысы Ақжар ауылында туған. Алматы қаласындағы халық шаруашылығы институтын 1965 жылы бітіреді.

1956 жылдан кітап саудасы саласында 30 жылдан астам уақыт үздіксіз еңбек еткен. «Қазақкітап» кітап саудасының республикалық бірлестігінде түрлі бөлімдерде басшылық қызметте болған. Республикамыздың түкпір түкпіріне сапалы оқулықтар мен әдеби-көркем кітаптарды жеткізуде көп еңбек сіңірген. Ауыл кітапханаларын кітаппен қамтамасыз ету, түрлі игілікті іс-шаралар өткізу, әдеби апталықтар өткізу сияқты істердің шебер ұйымдастырушысы.

Құрманғалиева Гүлжамал Құрманғалиқызының мол тәжірибелі еңбегі лайықты бағаланып, «Еңбек үздігі», «Баспа үздігі», «Еңбектегі ерлігі үшін» медалдарымен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы, Мемлекеттік баспа комитетінің, грамотасы берілген.