Гүлнар Дулатова | өмірбаяны

0
54
Advertisement

Гүлнар Дулатова Міржақыпқызы – журналист, әдеби мұраларды жинаушы. Алаш қайраткері М.Дулатовтың қызы. Ол 1915 жылдың Орынбор қаласында туған. 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1939-1987 жылдары дәрігер-дерматолог қызметін атқарған. Г.Міржақыпқызы «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, т.б. туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарың кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Г.Міржақыпқызының очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») екі томдық кітабы жарық көрді. Сондай- ақ, Гүлнар әкесінің «Оян, қазақ!» кітабын, екі томдық шығармалар жинағын, бестомдық шығармалар жинағын құрастырушыларының бірі

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз