Гүлімай Қуанышова | өмірбаяны

0

Қуанышова Гүлімай Әбішқызы 1970 жылдың 1 қаңтарында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Аяққұм елді мекенінде дүниеге келген.

1984 жылдан бастап алғашқы өлеңдері «Пионер», «Жалын», «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланды. Қазір «Ақтөбе» газеті, республикалық «Жалын», «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Қазақия» газеттерінде өлеңдері жиі жарияланып жүр. 2011 жылы «Ай қызы – арман», 2015 жылы «Жазушы» баспасынан «Дат, тақсыр тағдыр» атты жеке жыр жинақтары жарық көрді. Топтамалары «Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясында» 2006 ж, «Жадымдасың, Жаңаөзен» 2012ж, «Ақтөбе әуендері», «Дәстүр» баспасы 2013ж, «Қазақ ақындарының антологиясы» 2014 ж. жинақтарына енген. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз