Ғазиз Ештанаев | өмірбаяны

0

Ештанаев Ғазиз 1958 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы кеңшарында туған. 

1976 жылы Шет ауданы орталығындағы кәсіптіктехникалық училищеге түсіп, машинисттракторшы мамандығын алған. 

1982 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін тамамдаған.

1982 жылы Шет орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, 1988 жылы республикалық тәжірибе сынақ нәтижесінде белгіленген ауылдық кеңес төрағасының мәдени жұмыстар жөніндегі орынбасары, мәдениет үйінің директоры, 1989 жылдан «Сарыарқа» (бұрынғы «Жезқазған туы») газетінде тілші болып қызмет еткен. 

1992 жылдан бастап Жезқазған педагогика институтының қазақ тілі және әдебиет кафедрасында оқытушы, 1996 жылы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 1998 жылы кафедра меңгерушісі қызметімен қоса факультет жанынан ашылған «Ұлттық тіл және әдебиет» проблемалық зертханасының меңгерушісі және Ұлытау ғылыми орталығының директоры қызметін атқарған. 

2005 жылдан бері Ө.А.Байқоныров атындағы Жезқазған университетінің тәрбие және жастар саясаты жөніндегі проректоры болып еңбек етуде. Өлеңдері бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. 

1996 жылы «Жыршуақ» деген атпен алғашқы жыр жинағы Жезқазған қаласында, 1999 жылы «Дүниедүрмек» жинағы Алматы қаласында шыққан. 

Қалалық «Жыл ақыны» (2002) және Жезқазған университеті Алтын белгісінің иегері. 

1992 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 

1999 жылы «Доскей Әлімбайұлының әдеби мұрасы және Орталық Қазақстандағы ақындық дәстүр» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.