Ғалым Малдыбаев | өмірбаяны

0
56
Advertisement

Ғалым Малдыбаев (1902–1982) Солтүстік Қазақстан облысының Жаңажол ауылында туған. 

1924 жылы Петропавлдағы партиякеңес мектебіне оқуға түсіп, оны бітірген соң осындағы «Ленин туы» газетінің редакциясында қызмет істеген. Кейін республикалық, бірнеше облыстық және аудандық газеттерде журналистік жұмыс атқарған. Отызыншы жылдары «Орақ пен Балға», «Доңғалақ» атты жыр жинақтары шықты. 

1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, КСРО Жазушылар одағының Жоғары әдеби курсын тамамдады. Ұзақ жылдар Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталды. 

Шығармалары: Қырым қызы. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМКӘБ, 1967; Ақ көгершін. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1970; Ырғақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Таңдамалылар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1979; Сарыарқа. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1983.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз