Ғалым Ахмедов | өмірбаяны

0

Ғалым Ахмедов (1906–2002) – 26 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Алға ауданында туған. 

1925 жылы Орынбордағы Халық ағарту институтын бітірген. Ақтөбе уездік оқу бөлімінде инспектор, мұғалімдер кәсіподағының Ақтөбе губерниялық кәсіподақтар кеңесі төрағасының орынбасары, губерниялық атқару комитетінің жауапты хатшысы болған. 

1930 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің қаулысы бойынша Қазақстанда совхоздар ұйымдастыру жұмысына алынып, Ленинградтағы совхоз директорларын дайындайтын қысқа мерзімді курсқа жіберілген. 

1931 жылы қазіргі Жамбыл қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында директор болған. 

1935 жылы Қазақстан өлкелік, кейін Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1938 жылы Жамбыл қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1944 жылы Қазақ мемлекеттік біріккен баспасының Бас редакторы, бұдан кейін жаңадан құрылған көркем әдебиет баспасының (қазіргі «Қазақстан») марксизмленинизм классиктері шығармалары редакциясының меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында көркем аударма редакциясының меңгерушісі болып істеді. 

1992 жылы «Жазушы» баспасынан «Жем бойында» тарихи романы жарық көрді. «Өткен жылдар», «Ескі достар», «Алаш–Алаш болғанда» атты прозалық кітаптардың авторы. Ол Борис Горбатовтың «Бағынбағандарын», Л.Н.Толстойдың, А.П.Чеховтың әңгімелерін, И.С.Тургеневтің «Соны сүрлеу», «Түтін» романдарын, М.Бубеновтің «Қыран ұшқан құладүзін», Т.Семушкиннің «Аласталған Алитетін», К.А.Фединнің «Алауын», басқа да бірқатар шығармаларды қазақшаға аударған.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз