Ғайша Шарипова | өмірбаяны
Ғайша Шарипова (1901–1969)
Қазан қаласында туған. Осында әйелдер гимназиясын бітіріп, біраз уақыт Қазан университетінің медицина факультетінде оқиды, кейінірек татар жұмысшылар театрының әртісі болады. Мәскеуде РКФСР Жоғарғы сотында аудармашы болып істейді. Осы уақыттан бастап татар, башқұрт, қазақ және қырғыз тілдерінен орыс тіліне аудармашы ретінде әдеби қызметін бастайды. Алматыдағы ҚазОГИЗ-дің аудармашы редакторы, «Казахстанская правда» газетінің әдеби қызметкері, Абай юбилейін өткізу комитетінің ғылыми хатшысы болады.
Көптеген қазақ жазушыларының шығармаларын, оның ішінде М.Әуезов пен С.Мұқановтың туындыларын аударуға қатысқан.
«Еңбектегі ерлігі үшін», «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.