Ғафар Эюпов (Ғафар Бұлғанақұлы) | өмірбаяны

0

Ғафар Эюпов (Ғафар Бұлғанақұлы) (1905–1987)

4 наурызда Қырым облысы, Симферополь ауданы, Ағаш Елі ауылында туған. Махачкалада Дағыстан институтын бітірген. 

1927 жылы мектеп мұғалімі, Қырымдағы мұғалімдер бөлімін жетілдіретін институттың нұсқаушы-әдіскері және қызметкері болған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жиырма жыл бойы Гурьев мұнай өңдеу зауытында қызмет істеген.

Қырым татары тілінде жазды. Өлеңдері 1926 жылдан басылған. 

1938 жылы «Жас жасампаздар» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрген.

Шығармалары: Жылдар мен жырлар. Өлеңдер. Т., Ғафур Ғұлам атындағы баспа, 1966; Адам. Өлеңдер. Т., Ғафур Ғұлам атындағы баспа, 1973; Қайта оралған жастық шақ. Өлеңдер. Т., Ғафур Ғұлам атындағы баспа, 1977.