Габриель Гарсиа Маркес | өмірбаяны

0

Габриэль Гарсиа Маркес (1928 -2014) — жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1982). 

Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатаға ұқсайтын Маконда қ. бейнеленген “Үзілген жапырақтар” (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны Маркес шығармаларының басты тақырыбына айналды. Автордың “Полковникке ешкім жазбайды” (1956) аталатын повесінде Хемингуэй шығармаларының әсері байқалды. 

Латын Америкасында әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған ол көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 жылы Мексикаға барып, алғаш Испанияда, толық нұсқасы 1966 жылы Мексикада жарық көрген “Қайырымсыз мезет” романын аяқтады. 

Шығармашылық сабақтастық негізінде мұнда да Маконда бейнесі, Аурелиано Буэндла, Ребена бейнелері орын алды. 1962 жылы “Үлкен шешені жерлеу” атты шығармасы, 1967 жылы “Жүз жылдық жалғыздық” романы жарыққа шықты. Жарты млн. данамен таралған соңғы аталған романында Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Латын Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. 

Маркестің “Әміршінің ақыры” (1975), “Алдын ала білген бір өлімнің тарихы” (1981), “Оба дерті кезіндегі махаббат” (1985), “Перілер және махаббат” (1994) атты шығармалары философиялық тереңдігімен ерекшеленді. “Өз лабиринтіндегі генерал” (1989) романында Колумбияның ұлттық батыры Симон Боливарды бас кейіпкер ретінде суреттелді. “Менің әйелдер туралы мұңлы ойларым” деген жаңа романы испан тілінде жарық көрді (2004). Маркестің “Жүз жылдық жалғыздық” романы қазақ тіліне аударылған (К.Юсупов).