Ғабдол Сланов | өмірбаяны

0

Ғабдол Сланов (1911–1969) 11 қыркүйекте Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмында туған. 

1925 жылы Орал қаласындағы техникалық-кәсіпшілік мектебінде оқыған. Кейін Мақат мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істейді. 1930 жылы Алматыға келеді. 1946 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті редакциясында әдеби қызметкер және бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 

1938 жылы «Өмірдің асқар биігінде» атты әңгімелер жинағы басылып шықты. Осы жылы «Арман ағысы» атты повесть жазды. Бұл шығарма республикалық конкурста бәйге алды. 1940 жылы «Дөң асқандар», 1945 жылы «Жанартау» романдары, одан кейін «Кең өріс» повесі, т.б. шығармалары жарық көрген. Жазушы А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын аударған. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. Шығармалары: Өмірдің асқар биігінде. А., 1938; Бесжылдық өрендері. А., 1951; Замандастар. А., 1958; Азамат. А., 1966; Замана шежіресі. А., 1970; Алтай баласы. А., 1973.