Федор Чирва | өмірбаяны
Федор Чирва (1918–1985)
23 сәуірде Украинадағы Черников қаласында туған.
Орта білімі бар. Театрдың суретшісі, жобалаушы, бетоншы, жүк тиеуші, радио мен газет тілшісі болып істеген. Алғашқы кітабы «Намыс» 1954 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиеті баспасынан шықты. Осы жылы бетпақ даланы игерушілер жайында «Алтын жемісті жер» очерктер жинағы жарық көрді.
Қызыл Жұлдыз орденімен, «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Шығармалары: Зори над степью. Очерки. А., ҚМКӘБ, 1962; Совесть. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1958; Будущее создаются их руками. Очерки. А., ҚМКӘБ, 1962; Путь через ночь. Роман. ҚМКӘБ, 1963; Утром небо голубое. Роман. А., «Жазушы», 1965; Черный идол. Исторический роман. А., «Жазушы», 1967; Поезда туда идут. Роман. А., «Жазушы», 1970; Почему лекарства горькие. Рассказы. А., «Жазушы», 1972; Листья белой осени. Исторический роман. А., «Жазушы», 1978; Хорошая погода на завтра. Роман. А., «Жазушы», 1983.