Фатих Динисламов | өмірбаяны

0

Фатих Динисламов (1917–1965) Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл деген жерінде туған. 

1933 жылы орталау мектепті бітіріп, Қызылордадағы «Ленин жолы» теміржол газетінде әдеби қызметкер болып істеді. Қызылордадағы кеңес саудасы техникумын бітіріп, Алматыдағы журналистика институтында оқыды. Көптеген өлеңдер, әңгімелер мен повестер жазды. Солардың ішінде «Намыс», «Семсер» өлең жинақтары, «Сырлы көл» әңгімелер жинағы шықты. «Ұшқын» атты повесі бар.

А.С.Пушкиннің «Ұлы Петрдің Арапы», «Пугачевтың тарихы» атты прозаларын, А.Н.Островскийдің «Орман» пьесасын, А.П.Чеховтың біраз әңгімелері мен повестерін, А.М.Горькийдің «Италия туралы ертегілерін», С.Маршактың «Мистер Твистер» поэмасын қазақ тіліне аударған.

Шығармалары: Намыс. Өлеңдер . А., ҚМКӘБ, 1944; Семсер. Өлеңдер. А; ҚМКӘБ, 1948; Сырлы көл. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1950; Өнербек. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Ұшқын. Повесть. А., ҚМКӘБ. 1954; Күшік пен мысық. Балаларға арналған өлеңдер. А., ҚМКӘБ., 1959; Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1960; Қайсысын қалайсың? Балаларға арналған әңгімелер. А., ҚМКӘБ. 1961; Аю мен бала. Балаларға арналған әңгімелер, ертегілер. А., ҚМКӘБ, 1961; Аю мен бала. Балаларға арналған әңгімелер, ертегілер. А., ҚМКӘБ, 1963; Әбілхан Қастеев. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1964; Қоқиланған қораз. Ертегі. А., «Жазушы», 1965; Көл жағасында. Повесть. А., «Жазушы», 1966.