Евгения Лизунова | өмірбаяны

0
42

Евгения Лизунова (1920–1993) 31 тамызда Днепропетровск қаласында туған. 

1941 жылы Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетіне оқуға түскен. Университеттен кейін Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқып, 1950 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Алғашқы елеулі ғылыми-зерттеу еңбегі – «Қазақ тарихи романының даму жолдары» монографиясы. Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім бастығы болып қызмет істеп келді. «Қазақ совет әдебиетінің тарихы», «Көп ұлтты совет әдебиетінің тарихы», «Братство литератур» сияқты ұжымдық еңбектерді жазуға қатысқан. 

Профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі. Бейбітшілікті қорғаудың қазақ комитетінің мүшесі. Шығармалары: Современный казахский роман. А., «Наука», 1964; Мастерство Мухтара Ауэзова. А., «Наука», 1968; Казахские литературные связи. М., «СП», 1968; Казахская литература. М., «СП», 1973.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз