Есенгелді Жақыпов | өмірбаяны

0

Жақыпов Есенгелді 1928 жылы 10 сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл селосында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын республикалық газетжурналдарда қызмет істеуден бастаған. Көп жылдар бойына Қазақ телевизиясының әдебиетдрама редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында драматургия секциясында қызмет атқарған. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қазақ кеңес әдебиеті бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істейді.

Шығармашылық жолын студенттік жылдарда фельетоночерктер жазумен бастаған. «Дастаннан драмаға», «Эпос на сцене» секілді монографиялық еңбектер жазған. 

С.Құдаштың «Ұмытылмайтын күндер» кітабын, О.Туманянның «Ертегіәңгімелерін»; А.П.Чеховтың «Апалысіңлілерін», Л.Зориннің «Транзит», Э.Володарскийдің «Парыз», А.Ирзагитовтың «Жамбастағы жылан», Анардың «Шынжырын», Т.Миннуллиннің «Осында туып, осында ержеткендер» пьесаларын аударған.

Шығармалары: Эпос на сцене. Монография. А., «Жалын», 1977; Дастаннан – драмаға. Монография. А., «Ғылым», 1979.