Есболат Айдабосын | өмірбаяны

0
76
Advertisement

Есболат Айдабосын 1981 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында туған. 1998-2002 жж аралығында Абай атындағы АлМУ (қазіргі ҚазҰПУ) қазақ филологиясы факультетінде оқыды. 2003 жылдың қаңтарында “Шаhар” ТРК жаңалықтар қызметінің тілшісі, “Бес күн” бағдарламасының жүргізуші-редакторы болып жұмыс істеді. Ал 2004-жылдың ақпанынан 2006 жылдың қаңтары аралығында “НТК” телеарнасының «Соңғы ақпараттар», “Түйін” бағдарламаларының тілшісі, шығарушы редакторы, кейіннен бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2012жж Қазақстан ұлттық телеарнасы АСБД (Ақпараттық-Сараптамалық Бағдарламалар Дирекциясы) жұмыс істеді. Әр жылдары қорытынды жаңалықтар мен «Апта-кз» , «Арнайы репортаж», «Өзекжарды» секілді бағдарламаларда тілші, продюсер, комментатор, жүргізуші-редактор болып қызмет атқарды. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. 2012 жылдан бері әңгіме-хикаяттары мерзімді басылымдар мен әдеби порталдарда жарияланып келеді. Бірнеше әдеби байқаулардың жеңімпазы. «Алтын қалам», «Алтын тобылғы» әдеби сыйлықтарының иегері.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз