Ермекбай Хасенов | өмірбаяны

0

Ермекбай Хасенов 1950 жылы 19 қаңтарда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы (Семиозер), Диев ауылында туған. 

1971 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтын тамамдаған.

Еңбек жолын өзі түлеп ұшқан мектебінде ұстаздық қызмет етуден бастаған. Аудандық оқу бөлімінің методисі, Аққұдық сегіз жылдық мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, директор, 1975 жылы облыстық «Коммунизм таңы» газетінде тілші, 1984 жылы республикалық телерадио комитетінің «Алатау» бағдарламасында редактор болып жұмыс істеген. 

1989 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Батыр Сұлтан» повесі, «Өнегелі ғұмыр» атты деректі хикаяты, «Көгілдір орамал» повесі жарық көрген. 

2005 жылы Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын иеленген.