Ермек Аманшаев | өмірбаяны
Ермек Аманшаев 1963 жылы дүниеге келген, Маңғыстау түлегі. Белгілі драматург, жазушы, әдебиет зерттеушісі, эссеист.
Қазақстан Жазушылар Одағының, Кинематографистер Одағының, Театр қайраткерлері Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.
«Үзілген бесік жыры», «Сұлтан болсам, егер мен» (аударма, С.Ваннус), «Құбылыс» (Ф.Кафка бойынша), «Жынойнақ» (Д.Кобурн, аударма, өзі режиссер ретінде сахналады) атты шығармалары М.О.Әуезов атындағы Қазақтың академиялық драма театрында, «Қыр астындағы сол бір ғажайып әлем», «Балкон» атты пьесалары Ғ.М.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Жастар театрында, «Балкон» пьесасы М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс драма театрында, «Жұлдыздарда бір сыр бар» драмасы бірқатар облыстық театрларда қойылған. М.Әуезовке, Абайға арналған бірнеше деректі фильмдердің сценарий авторы.
«Параллель әлемдер» (жинақтағы «Балкон» кинохикаяты) атты фильмнің (Ресей) қоюшы-режиссері, сценарий авторы.