Ерік Асқаров | өмірбаяны

0
78
Advertisement

Ерік Асқаров  (1959–2003) – 10 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының, Ворошилов ауылында дүниеге келген. 

 

1983 жылы Алматы Көркем театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған. Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған, Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған. «Қарлығаш», «Жетіген», «Аққудың көгілдірі» атты жыр жинақтарының, «Біржан сал», «Петропавловск – қызылдардың қаласы» атты пьесалардың авторы. Айтыскер ақын ретінде көптеген айтыстарға қатысып, жүлдегер атанған. И.Гогольевтің «Наара суох», Л.Табукаиевилидің «Арманымның ақ құсы» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1988), Қазақстан Жастар одағы сыйлығының (1990) лауреаты.

 

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз