Ерболат Баятұлы өмірбаяны
Ерболат Баятұлы 1964 жылы Монолияның Баян-өлгий аймағының Өлгий қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1987-1988 жылдары Қызылқайың орта мектебінде мұғалім, 1988-1989 жылдары аймақтық қазақ радиосында тілші-редактор, 1990-1992 жылдар аралығында Монғолдың педагогикалық ғылыми зерттеу институтының қазақ мектептер секторында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарған. 1992 жылы тарихи отаны – Қазақстанға отбасымен қоныс аударады. 1992-1999 жылдар аралығында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, 2000 жылдан бері қарай тәуелсіз «Бұқпа!», қалалық «Көкшетау», облыстық «Арқа ажары» газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музықалық-драма татрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде және облыстық «Әдебиет және өнер» мұражайында аға ғылыми қызметкер. Тырнақалды өлеңі 1984 жылы студенттер жастардың «Аудитория» атты жыр жинағында жарық көрген. 1989 жылы жазушы Ақын Алақанұлының «Асулар» атты романына байланысты жызылған көлемді сыни рецензиясы аймақтық «Шұғыла» журналына басылады. 1988-92 жылдары Монғолия Жазушылар одағының Баян-Өлгий қазақ бөлімшесі жанынан құрылған басқарма мүшесі болып сайланады, сондағы қазақтардың әдеби-рухани дүниесінің жаңғыруына, қазақ балаларының Қазақстаннан білім алуына, айтыс өнерінің қайта қанат жаюына, ата жұрт-Қазақстанмен жан-жақты тығыз байланыс орнатуға, сайып келгенде сол жақтан басталған Ұлы көшке өз ықпалын тигізген. Ата жұртқа келгеннен бері әдеби-мәдени, қоғамдық өмірге белсене аралысып келеді. «Түсіме тау кіреді» және «Түркі-монғол эпостарының сюжеттер типологиясы» кітаптарының авторы. Республикалық аймақтық, облыстық ақырдар мүшәйрасының әлденеше реткі жеңімпазы, жүлдегері. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.