Ербол Тілешов өмірбаяны

0

Тілешов Ербол Ердембекұлы 1965 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақтың белгілі ғалымы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетін 1992 жылы бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялык көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы. 1996-1999 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының дарынды жас ғалымдарға берілетін арнаулы стипендиясына ие болды.