Дүйсенбек Қанатбаев | өмірбаяны

0

Дүйсенбек Қанатбаев 1940 жылы 27 қазанда Түрікменстанның Красноводск ауданы, Сүлмен ауылында (қазіргі Балқан уәлаяты, Түрікменстан республикасы) туған. Медицина училищесін бітіріп (1957), фельдшерлік қызмет атқарған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1965). 

1965–1973 жж. республикалық теледидарда аға редактор, 1973–1978 жж. «Жазушы» баспасында редактор, 1978–1982 жж. «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор, ал 1982–1986 жж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. Республикалық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы қызметін атқарған. ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1998).

Алғашқы өлеңдері 1960 жылы жарық көрген. Ақынның негізгі кітаптары: «Жазира» (1966), «Жол басы» (1968), «Серпер» (1970), «Жетіқарақшы – жеті жұлдыз» (1973), «Ағын сулар әуені» (1975), «Мың сүрлеу, соны соқпақ» (1977), «Песня бегущей воды» (1978), «Онбесінен толған ай» (1979), «Арнадым саған» (1982), «Аспан асты, жер үсті» (1984), «Сейітқұл туралы аңыз» (1985), «Иек асты, қиян шет» (1988), «Таңның атысы, күннің батысы» (1989), «Жатаған ымырт, биік таң» (2000).

Өлеңдері орыс, түрікмен, әзербайжан, башқұрт, украин тілдеріне аударылған. Мақтымқұлыны, Франческо Петрарканы, Саят-Нованы, Лермонтовты тәржімалады. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.