Дүйсенбек Еркінбеков | өмірбаяны
Еркінбеков Дүйсенбек (1905–1961) — Алматы облысы, Ақсу ауданындағы СағаБүйен өзенінің бойында қыркүйекте дүниеге келген. 13–14 жасында ауыл мұғалімінен арабша хат таниды.
1920 жылы Алматыда қысқа мерзімді курстарда оқып, сауатсыздықты жою жөніндегі мұғалім болған.
1925 жылы Алматыда әуелі дайындық курсты, 1932 жылы Алматы педтехникумын, 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітіреді. Сосын Алматы музыка мектебіне директор болып орналасады. Майданнан қайтып келген соң, түрлі шығармашылық жұмыстар атқарады.
Әдебиетпен 1932 жылдан бастап айналысады. Проза, поэзия және драматургия саласында еңбек еткен. Әсіресе өзінің сатиралық және юмористік шығармаларымен танылған.
Шығармалары: Шаншу. Сықақ әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1936; Шымыр. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1939; Оқу кітабы. 2бөлім. ҚМКӘБ, 1940; Айдай. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1945; Шымыр әңгімесі. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958; Өлеңдер. Поэмалар. Пьесалар (құрастырған Р.Байжанов). А., «Жазушы», 1965.