Дүйсенәлі Әлімақын | өмірбаяны
Дүйсенәлі Әлімақын – 1989 жылы ҚХР, ШҰАР, Іле Қазақ облысы, Нылқы ауданында туған. 2009 жылы университет бітірген соң Іле Қазақ облысы,Нылқы аудандық телевидениеде концерт жүргізуші және Қытай тілінен аудармашы болып қызмет атқарған. Өлеңдері Шыңжаңдағы және еліміздегі мерзімді басылымдарда жиі жарияланып келеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Азаттығым ғажап күнім» атты үш ел ақындарының (Қазақстан ,Қытай, Моңғолия) антологиясына, «Сәкен жұлдыздары» атты жас ақындар алманағына өлеңдері енген. Қазір Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық Университеті Филология институты Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының магистранты.