Дмитрий Снегин | өмірбаяны

0
108

Дмитрий Снегин – 7 қарашада Алматы (Верный) қаласында туған. Алматы ауыл шаруашылығы институтында оқып жүрген студенттік жылдарында-ақ өлеңдері жарияланып тұрды. Қазақстан Жазушылар одағының орыс секциясының кеңесшісі болып істейді. 1937-1941 жж. «Литература и искусство Казахстана» журналында еңбек етті. Ұлы Отан соғысына қатысқан, Панфилов дивизиясы офицерлерінің бірі. Ауыр жарақат алып, Алматыға қайтып келіп емделген соң, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, «Қазақстан» журнал-альманахының редакторы болды. 1952-1963 жж. «Литературная газета», «Огонек» журналының меншікті тілшісі, «Ара», «Простор» журналдарының бас редакторы, 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. 1984 жылы Қазақстанның Халық жазушысы құрметті атағы берілді. Ол Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірнеше шақыруларының депутаты болды. Бірқатар тарихи романдардың – «В городе Верном» трилогиясының, «Утро и два шага в полдень» дилогиясының авторы. «На исповеди», Қазақстан жазушылары туралы «Встречи без расставания» атты әдеби эссе, «Три блокнота…» новелла, «Флами, или очарованные собой» атты лирикалық проза жазған. Сценарийлері бойынша бірқатар деректі киноленталар, «Мы из Семиречья» көркемсуретті фильмі койылған. Қазақ жазушылары мен ақындарының жинақтарын орысшалаған. Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған.