Дидахмет Әшімханұлы | өмірбаяны

0

Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1978). 

1978–1980 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), 1981–1992 жж. «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдебиет, сын бөлімін жүргізді, 1992–1994 жж. халықаралық «Заман – Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары болған. 1994 жылдан еларалық «Түркістан» газеті редакторының орынбасары, 2003 жылдан «Алаш» баспасының директоры.

«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсаған сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді. Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондайақ А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдуллин, П.Пурзверу, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).