Дәулетбек Байтұрсынұлы (Бек Сүйіндік) | өмірбаяны

0
42
Advertisement

Дәулетбек Байтұрсынұлы (Бек Сүйіндік) 1964 жылы 8 наурызда ҚХР Іле қазақ облысы, Тәңір тауы бөктерінде дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті, 1983 жылы Іле №1 педагогикалық техникумды, 1988 жылы Шыңжаң оқуағарту институтының физика факультетін тамамдаған.

1994 жылы тәуелсіз Қазақстанға біржолата көшіп келді. 

1996 жылдан Қазақстан Республикасының азаматы. 

1994 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының, 2006 жылдан Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Халық кеңесі», «Ислам және өркениет» газеттерінде тілші, Қазақстан Жазушылар одағы жанынан шыққан «Әдебиет айдыны» газетінде Бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. Өлеңдері 1988 жылдан ҚХР және Қазақстан Республикасындағы мерзімді баспасөзде үздіксіз жарық көріп келеді. «Жас толқын» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен» жыр жинақтары жарық көрген. Қазір «Ан Арыс» баспасында Бас редактордың орынбасары болып қызмет істейді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз