Дархан Қыдырәлі | өмірбаяны
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі (16 сәуір 1974 жылы, Түлкібас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі (2017), Халықаралық түркі академиясының президенті (2014 жылдан) және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (2016 жылдан).
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. Ыстамбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, философия докторы ғылыми дәрежесін иеленген (2001 ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010 ж).
Еңбек жолы
2001-2005 ж. — Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.
2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.
2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.
2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.
2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.
2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.
2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады. 2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі атты халықаралық мәдени шараны[2], 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде 2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды.
2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.
Отбасы
Үйленген. Төрт ұл, бір қызы бар.
Ғылыми еңбектері
- Мұстафа Шоқай. Анкара, 2001 ж.,
- Тараз тарихы. Тараз, 2005 ж.,
- Түрік халықтары әдебиеті тарихы, (ұжымдық жинақ) Түркістан, 2005 ж.,
- Мұстафа Шоқай, Астана, 2007 ж.,
- Ұлық Түркістан, Астана, 2008.,
- Атымды адам қойған соң… Астана, 2008 ж.,
- Жерұйық. Астана, 2009 ж.
- Мұстафа. Астана, 2012 ж.
- «Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2015 ж.
Марапаттары
- Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).
- ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)
- Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).
- Түркі әлеміне қызмет сыйлығымен марапатталды (2015 ж.).
- Жаңа Түркия Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет Алтын медалін алған (2015 ж.).
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).
- ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.).
- «Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен Жібек жолы журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)
- Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен марапатталды.
- Әзербайжанның Достлуг орденімен марапатталды.
- Ақпарат саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.