Дархан Бейсенбекұлы | өмірбаяны

0

Дархан Бейсенбекұлы 1984 жылдың 7-қарашасында Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Нағарашы ауылында дүниеге келген. Қазақтың Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінің «Машина жасаудың технологиясы» мамандығын үздік дипломға бітірген. Әңгімелері республикалық мерзімді баспасөз бетінде үздіксіз жарияланып келеді. «Тағдыр тақтасы», «Әулиеағаш жапырағындағы жас» кітаптарының авторы, «Жас толқын 1», «Кәусәр бұлақ», «Қарақат тере барғанда», «Жанартау» жинақтарына әңгімелері енген. Әңгімелері орыс тіліне аударылған. 

2008 жылғы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері, 2009 жылғы «Жыл патриоты» конкурсының «Әдебиет» номинациясы бойынша лауреаты, 2009 жылғы Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Қазақ елі», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде тілші болған. «Ана тілі» газеті Бас редактордың орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі таңда республикалық «Алаш айнасы» газеті Бас редакторының орынбасары.