Дәнеш Рақышев | өмірбаяны

0
236
Advertisement

Дәнеш Рақышев (1926-1992) – әнші, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ән айту мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Оның әкесі – әнші, домбырашы, сырнайшы болған. Д. Рақышев әнші ақындар Әсет, Шашубаймен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды.

Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б. Майлиннің «Шұға» спектакльдеріндегі Әбдірахман, М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегіндегі», Жапал, Қалқаманның бейнелерін жасады.

1959 жылы Қазақстанға келген соң Талдықорған халық театрына басшылық жасайды.

1968 жылдан Талдықорған облыстық филармониясының солисі. Оның репертуарында қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар әндері бар. М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды.

Оның репертуарында Үкілі Ыбырайдың «Аңшының әні», Әсеттің «Ардақ», «Мақпал», «Атым Әсет», «Хысмет», «Аха-ау, жалған», «Жайқоңыр» әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері болған. Р. «Шаттық толқыны», «Мақтанышты елім бар», «Жас қайрат», «Жер сұлуы Жетісу», «Комсомол», «Саясында алманың», «Жеңеше», «Туған жер», «Алматым», т.б. әндерін шығарған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз