Борис Петров | өмірбаяны

0

Борис Петров (1920–1981) Көкшетау облысы, Шучинск стансасында (қазіргі Шучинск қаласында) туған. М.Горький атындағы Омск педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Әскерден қайтқаннан кейін партия қызметінде – облыстық партия комитетінің лекторы, лекторлар тобының жетекшісі болған. Содан кейін алты жыл бойы Қазақстан Жазушылар одағы Солтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды.

Шығармалары: Вьюжная неделя. Рассказы. А., ҚМКӘБ, 1956; Живое слово. Очерки. А., ҚМКӘБ, 1959; Огни Аксуата. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962; Листопад. Повесть. А., «Жазушы», 1964; Березовые острова. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1966; Семяниковская коммуна. Очерки. А., «Қазақстан», 1969; Утро. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1975.