Болат Көмеков | өмірбаяны

0

Болат Ешмұхамбетұлы Көмеков (5.8.1940 жылы туған, Тараз қаласы) – шығыстанушы, ғалым, тарих ғылым доктор (1994), Қазақстан ҰҒА-ның коррепондент-мүшесі, Ташкент мемлекет университетін бітірген (1963). 1964 – 1965 жылы Мысырда аудармашы, 1965 – 1996 жылы ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында аспирант, аға ғылым қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. 1996 жылдан Қазақ мемлекет заң академиясының Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, әрі 1997 жылдан осы академия жанындағы Халықа. қыпшақтану орталығының директоры. Қазақстанның ортағасырлық тарихын, тарихи географиясын араб, парсы, көне түркі жазба ескерткіштері негізінде зерттеумен шұғылданады. Тарих ғылымдарында алғаш рет көне түркі тайпасы – қимақтардың мемлкет құрылымы болғанын ғылым тұрғыда шығыс деректері бойынша негіздеген. Қимақтардың қалалық мәдениеті болғанын, егін шаруашылығы белгілі деңгейде дамығанын араб, парсы және көне түркі деректері негізінде дәлелдеді. Қыпшақтану саласы бойынша қалыптасқан ғылым бағытты онан әрі дамытып, Орта Азия мен Шығыс Еуропадағы және Таяу Шығыстағы қыпшақ тайпаларының өзара байланысын зерттеп, оны ортағасырлық дәуірдегі халықаралық байланыстың ерекші үлгісі ретінде көрсете білді. Оның басшылығымен құрылған Халықаралық қыпшақтану ортасы Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливия, Түркия, Иран, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Армения секілді елдердегі ортағасырлық этностар тарихын зерттейтін ғалымдармен тығыз байланыс орнатқан. Көмековтің жетекшілік етуімен өткізілген бірінші халықаралық ғылым конференция дүниежүзінде ғылым ортада жоғары бағаға ие болды. Ол 420-дан астам ғылым еңбектің авторы, 1983 – 1985 жылы жарық көрген. Ш.Уәлихановтың шығарма жинағының жауапты редакторы, көп томдық «Қазақстан тарихының» бірінші және екінші томдарының редакторы, әрі жетекші авторы болды. Халықаралық «Түркістан» энциклопедиясын жазуға белсенді түрде қатысты, Стамбұлда түрік және ағылшын тілдерінде шығарылған 26 томдық «Түркі халықтары тарихы» энциклопедиясын әзірлеуге қатысты. 1983 жылы Қазақстан мемлекет сыйлығының иегері болды. 2002 жылы ғылымға сіңірген еңбегі үшін мемлекет стипендия иегері атанды. Қазіргі кезде «XІ – XІV ғасырлардағы Еуразия қыпшақтары» атты тақырыпта іргелі ғылым-зерттеу жұмысын жүргізуге жетекшілік етуде.