Болат Бодаубаев | өмірбаяны

0

Болат Бодаубаев 1940 жылы 26 наурызда Алматы қаласында туған. 

1963 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. 

1962–1970 жж. Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1970–1974 жж. бас редактордың орынбасары, 1974–1976 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1976–1984 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы, 1984–1986 жж. республикалық «Жалын» баспасының директоры, 1986–1991 жж. республикалық «Қазақкітап» сауда бірлестігінің бас директоры, 1991–1994 жж. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің кітап шығару және тарату жөніндегі Бас басқармасының бастығы, 1994–1995 жж. мемлекетаралық «ЗаманҚазақстан» газетінің бас редакторы, 1996–1997 жж. Қазақстан Республикасы Сенаты Аппаратының Аударма, редакциялау және Парламент актілерін шығару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1997–2003 жж. меңгерушісі қызметтерін атқарып, зейнетке шыққан. «Жас жүректер» очерктер кітабы (1997), одан кейінгі жылдарда қазақ және орыс тілдерінде повестер мен әңгімелерден тұратын «Желсіз түнде жарық ай» (1980), «Дети одного дома» (1982), «Май жаңбыры» (1985), «Тайна старой тетради» (1988), «Қарт тергеушінің әңгімелері» (1991), «Смерть прокурора» (2000), «Таңдамалы» (2002) жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында көптен еңбек етіп келеді. Орыстың атақты классик жазушысы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының хикаялары», «Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің Айға саяхаты» атты ертегіромандарын, Юз.Алешковскийдің «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» атты повестерін қазақ тіліне аударған. 2002 жылдан бері бірнеше рет қайталанып басылған «Заң терминдері сөздігі» авторларының бірі. 

ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1971), Құрмет Грамоталарымен (1973, 1981), «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы» (1965), «Ерлік еңбегі үшін» (1970), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971) медальдарымен марапатталған. Астана қаласындағы еңбегі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған, сондайақ оған «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген (2007).