Болат Бекжанов | өмірбаяны

0

Болат Бекжанов 1958 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылында туған. Жамбыл мәдениағарту училищесін, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актер болып бастаған. 



1982 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық кеңшарының Мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері болып қызмет еткен. 




1989 жылдан облыстық телерадио комитетінде режиссер, редактор, аға редактор, «Ақ жол» газетінде тілші, «Шабыт» гуманитарлықэтнографиялық бірлестігінде ұйымдастырушы, облыстық денсаулық сақтау департаментінде баспасөз орталығының жетекшісі, облыстық «Ақ жол» газетінің әдеби қызметкері, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі – баспасөз жөніндегі хатшысы, облыстық «Ақ жол» газетінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. Қазір Жамбыл облыстық «АрАй» қоғамдық саяси және танымдық жастар газетінің Бас редакторы. 




«Шымылдықтың арғы жағы» (1998), «Құс қанатындағы сағыныш» (2008) атты кітаптары жарық көрген. «Үйші», «Бестамнан жаяу барып, Берлинді алған», «Байғыз, Пәтес, Пәуескі» атты хикаяттары оқырманның ықыласына бөленген. 1998 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрында «Шонашоу» атты әзілсықақ спектаклі қойылған.