Блез Паскаль | өмірбаяны
Блез Паскаль (фр. Blaise Pascal, Маусымның 19 1623 жыл—Тамыздың 19 1662 жыл) — XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, пәлсапашы, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының ауторы.
Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы болып ашқан.