Бижомарт Қапалбек | өмірбаяны

0
35
Advertisement

Бижомарт Сейсенбекұлы Қапалбек — 1962 жылы 8 желтоқсанда, Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. 1985-1991 жылдар аралығында Әл-фараби атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін тәмамдаған. 2004 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде филология және лингвоелтану мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен. 1991-2007 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының грамматика бөлімінде кіші ғылыми қызметкерліктен, грамматика бөлімінің меңгерушісіне дейін көтерілді. 1999 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы диссертациялық кеңесте «Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2007-2009 жылдары Алматы қаласы әкімдігі «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының директоры болып істеді. 2009 жылдан бастап «Мемлекеттік тілді дамыту институтында» атқарушы директор. 

100 ден аса ғылыми және әдістемелік еңбектері бар. Үйленген, төрт баланың әкесі.

Өзекті мақалалары

– «Жұмсалымдық және тұлғалық бағыттардың ерекшеліктері»

– «Лингвистика тарихындағы грамматикалық бағыттар»

– «Тіл бірліктерінің жұмсалу ауқымы».

Сұхбаттары

– «Тіл туралы бір күндік айқай емес, жүйелі жұмыс керек»

– «Бізде мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқытудың біртұтас жүйесі жоқ».

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз