Бисеғали Зейнолғабден | өмірбаяны
Бисеғали Зейнолғабден 1950 жылы 21 қаңтарда Атырау облысы, Құрманғазы ауданының Алға ауылында туған.
1966 жылы Сафон селосындағы орта мектепті бітіріп, осында аға вожатый болып педагогтік еңбек жолын бастаған. 1972 жылы ҚазМУдің филология факультетін үздік дипломмен тамамдаған.
1978 жылы ҚазМУдің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына қабылданған.
1981–1983 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінде жұмыс істеген, лекциялар оқыған, практикалық сабақтар жүргізген. Студенттердің оқу практикаларымен Қызылорда, Оңтүстік облыстарындағы фольклорлықдиалектикалық экспедицияларға қатысқан.
1984–1986 жж. «Мектеп» баспасының Жоғары оқу орындары қоғамдықгуманитарлық редакциясының аға редакторы және филология факультетінде «Қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасуы» атты арнаулы курс пен «Қазақ әдебиеті тарихынан» лекциялар оқыған.
1986 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істеген.
«Қазақ романы», «Казахская проза в начале ХХ века» сияқты монографиялардың авторы. «4060шы жылдардағы Қазақ әдебиеті», «Жазушы шеберлігі», «С.Мұқанов», «Ғ.Мүсірепов», «Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері» сияқты оқу құралдарын жарыққа шығарған.
1984 жылы профессор Б.Кенжебаевтің басшылығымен «ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы» тақырыбында кандидаттық, 1997 жылы «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
1999 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, 2001 жылдан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Ш.Айтматов атындағы Халықаралық академияның академигі (2003).