Белгібай Шалабаев | өмірбаяны

0
61
Advertisement

Белгібай Шалабаев (1911–1990)

 

14 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы бұрынғы №5 ауылда туған. 

 

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейін Ленинград университетінің аспирантурасын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Коммунистік журналистика институтында қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында декан, Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, университет профессоры болған. Филология ғылымдарының докторы.

 

Прозашы ретінде 1932 жылы «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналы бетінде «Тайжеген тауында» атты повесімен көрінген. Кейін «Жекпе-жек» (1936) повесі, «Өмірде не болмайды» әңгімелер мен фельетондар жинағы жеке кітап боп шыққан.

 

В.Белинскийдің мақалаларын, Короленконың «Тілсіз» повесін, Горькийдің «Жастар мен балалар туралы» жинағын аударған. 1948, 1960 жылдары шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы авторларының бірі. «Қазақ прозасының тарихы. Сюжет және характер» (1968), «Қазақ романының тарихы» (1975) монографияларының авторы.

 

І дәрежелі Ұлы Отан соғысы және Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Жоғары мектебінің үздігі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз