Бектемісов Асқарбек | өмірбаяны

0

Есімі көпке танымал қаламгер-журналист Асқарбек Бектемісов.  Қаламгер — әдебиеттің түрлі жанрында қалам тербеп жүр. Ол өзінің әдеби-көркем очерктері мен пайымды публицистикалық мақалаларына тәуелсіздік жемістері, адамгершілік қасиеттер, перзенттік парзы туралы терең толғанады. Туған жер перзенттерінің асқақ рухын, азаматтық келбетін ашып көрсетеді. Автор кейінгі жылдары ауыр дертке душар болса да, қаламын тастаған емес. Оның еңбектерінде оқырмандарға ой түсіретін толғақты пікірлер жиі кездеседі. Олар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып жүр. Автордың жыр жолындағы беталысы да айтарлықтай. Оның «Жүрек жылуы» деп аталатын үшінші кітабыоқырмандарына ойтамызық тастап, оларды әр алуан күйге бөлейтініне сенімім мол.