Бекен Сағындықұлы | өмірбаяны

0

Бекен Сағындықұлы — Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының мұғалімі. 1987-1992 жылдары Н.К.Крупская атындағы Семей педагогтік институтында, 1994-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыды.

 

1994-1997 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқып, «Қазіргі қазақ тіліндегі аралас құрмалас сөйлем» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте мезгілінен бұрын қорғап, 2004 жылы «Тең дәрежелік қатынастағы тілдік бірліктер» атты докторлық диссертациясын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Д 14.01.23 — диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғаудан өтті.

 

Бекен Сағындықұлының 100-ден аса ғылыми мақалалары жарияланды. Оның ішінде 2 мақала Томсон Ройтерс нөлдік импакт-факторы бар журналдарда жарық көрді.