Бекен Әбдіразақов | өмірбаяны

0
45
Advertisement

Бекен Әбдіразақов (1936–2002) – 20 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында туған. 1959 жылы ҚазМУдің журналистика бөлімін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Жетісу» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында, «Жазушы» баспасында қызмет еткен.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1963 жылы жарық көрген. Отыз шақты жыр кітабы шыққан. «Сағыныш», «Күн толқыны» (1965), «Жігіт дәурен», (1967), Таңдамалы (1976), «Жырлайды жүрек», «Көгілдір кеш», «Өмір мен көңіл» (1993), т.б. Аударма саласында өзбек, қырғыз, түрікмен әдебиетінің шығармаларынан жасаған тәржімалары мол орын алады. Ол сондайақ М.Лермонтов, С.Нова, К.Чуковский өлеңдерін қазақшалаған.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз