Бейсенбайұлы Жарылқап | өмірбаяны

0

Бейсенбайұлы Жарылқап 1947 жылы 10 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1969). 

1969–1990 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 

1990–1997 жж. «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы болған. 

1997 жылдан Қазақ ақпарат агенттігі директорының орынбасары, 2002 жылдан осы агенттік негізінен құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы АҚы Қазақ редакциясының бас редакторы.

«Шоқан ізімен» (1997), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасынтағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түріктер ақиқатының ізімен» (2006) атты кітаптары шыққан. 

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1982).

Қайнар қөз: http://www.writers.kz