Бейбіт Сапаралы өмірбаяны

0

Бейбіт Сапаралы 1962 жылы 8 ақпанда Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1984 жылы бітірген. «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының әдеби қызметкері (1984–1997), бөлім меңгерушісі (1987–1989), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бас редакторының орынбасары, Бас редакторы (1989–1991), «Заман-Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Бас редакторы (1991–1994), «Қазақстан телерадиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті (1994–1995). 1995–1997 жж. шығармашылық жұмыста. 1997 жылдан бері «Қағанат» ғылыми-мәдени орталығының президенті.

«Адалбақан» (1992), «Құнанбай қажы» (1995), «Байшөгел» (1995), «Президенттің балалық шағы» (1995), «Олжастың балалық шағы» (1996), «Раббымыз бір – күншығыс, күнбатыста. Восток и Запад – один мир» (2002) атты кітаптардың авторы.

Қайнар көз: http://writers.kz