Бейбіт Қойшыбаев өмірбаяны

0

Бейбіт Қойшыбаев (20.11.1945 жылы туылған, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Саудакент ауылы) – жазушы, публицист, ғалым, тарих ғыл. канд. (2002). Қазақ ұлттық агр. университетін бітірген (1968). 

1968-1969 жылдары Байқадам кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы, 1969–1971 жылдары Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің “Қазақ ауыл шаруашылығы техникасы” бірлестігінде инженер, аға инженер, 1971–1975 жылдары Алматы облысы комсомол комитетінің кәсіптік-тех. білім секторының меңгерушісі болды. 1975–85 жылдары “Қазақстан пионері”, “Білім және еңбек”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газет-журналдарында жауапты қызметтер атқарды. 

1985–1987 жылдары Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі Төралқасы аппаратында Жоғары Кеңес актілерін жариялау тобының аға редакторы болды. 

1988–89 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1990–1991 жылдары “Денсаулық” журналының бас редакторы, 1991–1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, “Тіршілік” журналының бас редакторы, “Әдеби қор жаршысы” газетінің бас редакторы, 1997–2001 жылдары “Zaman – Қазақстан” газеті бас редакторының орынбасары болды. ҚР Экономика және сауда министрлігі автор құқығын қорғау агенттігі бас басқармасының бастығы, Алматы облысы көші-қон және демография басқармасында бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 

2001–2003 жылдары “Қазақ энциклопедиясы” баспасында орт. бастығының орынбасары, 2003–2007 жылдары “Заңгер” журналының жауапты редакторы, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары болып істеді. 2007 жылдан “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы. Қ. өз еңбектерінде тарихтың “ақтаңдақ” беттерін зерттеуге ден қойды. Шығармалары орыс, беларус, болгар, қытай тілдеріне аударылған. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Құрмет” орденімен марапатталған