Бауыржан Қарабеков | өмірбаяны

0

Бауыржан Қарабеков 1956 жылы 25 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Асық ата аулында туған. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген соң КСРО Радио өнеркәсібі министрлігінде, 1978–1982 жж. Қазақ политехникалық институтында инженер, кейіннен оқытушы болған. Мәскеу энергетика институтының аспирантурасын бітірген. 

1991–1994 жж. «Мақсат» мейірімділік қорында, 1991–2000 жж. «Butya» компаниясы құрылымдарында, «Үміт» зейнетақы қорында жауапты қызметтер атқарған. «Ұлар-Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры болған.

Өлеңдері 1990 жылдан бері газет-журналдарда жарияланып келеді. Ол М.Жұмабаевтың, С.Мұқановтың 100 жылдық, Қ.Аманжоловтың 90 жылдық мерейтойларына арналған мүшәйралардың жүлдегері. «Қазақ әдебиеті» газеті жариялаған «Бір өлеңнен білінер» жабық жыр бәйгесінің Бас жүлдегері. 2001 жылы «Үш қиян» баспасынан «Қызылдың ауыл құмында», «Құмдағы жазулар» (2007) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Топтама өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз