Бәтима Батырбекова | өмірбаяны

0
50
Advertisement

Бәтима Батырбекова  (1928–1987) – 5 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Түркістан педучилищесін (1945), Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер институтын (1947), Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген (1956). Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, аудандық партия комитетінің, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, Алматыдағы № 94 орта мектепте мұғалім, № 9 мектепинтернатта тәрбиеші, Қазақ совет энциклопедиясы Бас редакциясында ғылыми редактор қызметін атқарды.

Алғашқы өлеңі – «Салсал білек» 1966 жылы жарияланды. «Ашылды гүлдер» (1969), «Жарқыра күнім» (1973), «Қосалқа» (1976), «Әрқашан күн сөнбесін» (1977), «Іңкәрім менің» (1979), «Күміс алқа» (1980), «Мизам шуақ» (1983), «Аққу арман» (1986) өлеңдер жинақтары жарық көрген. Ақынның жырлары «Подарок малышам» (1969) деген атпен орыс тіліне аударылып басылған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз