Home Қазақша өмірбаян Бақыт Кәрібаева өмірбаяны

Бақыт Кәрібаева өмірбаяны

0
75

Бақыт Кәрібаева 1943 жылы 2 қарашада Қарағанды облысы, қазіргі Жаңаарқа ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, 1973 жылы осы оқу орнының аспирантурасын тамамдаған. Филология ғылымының докторы.

Алғашқы сын мақалалары республикалық басылымдарда жетпісінші жылдары жарық көре бастайды. 1975 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1980–1990 жж. сыншы ретінде таныла жүріп, әдебиет зерттеуі мәселелеріне ойысты. «Талап деңгейі» («Жазушы», 1984), «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» («Жазушы», 1988) кітаптары жарық көрді. «Стиль сыры» («Жұлдыз», 1991, №5), «Құндылық өлшемі»(«Жұлдыз», 1992, № 5), «Қазақ лирикасының қайнары» («Қазақ әдебиеті», 1993) «Абайтанудағы ақтаңдақтар» («Жұлдыз», 1994, № 10–11), «Шын әдебиет енді туады» («Қазақ әдебиеті», 1999, желтоқсан), «Әуезовтанудың маңыздылығы» («Ана тілі», 1999, қараша), «Әуезов – әлемдік тұлға» («Қазақ әдебиеті», 2000), т.б. мақалалар жазған.

«Қара өлең мен лирика» (2001), «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» («Елорда», 2001) атты монографиялардың авторы. Эссе жанрына да қалам тартқан.