Балтағұл Бигелдиев | өмірбаяны

0

Балтағұл Бигелдиев (1891–1971) Алматы облысы, Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында туған. Жетісудың Жамбыл бастаған белгілі ақындарымен жиі араласып, тәлім алып, өнер сынасып өскен. Жігіт шағында шығарған «Жетісу» атты әні бар. «Балқаш қыз», «Бөлтірік батыр», «Бір қазының айласы» дастандарының авторы. Ақын әсіресе жұмбақ өлеңдерге шебер.

Шығармалары «Балқаш» (1970), «Балқаш оттары» (1975), «Бірлік нұры» (1979) деген атпен басылып шықты.