Балта Қосбармақ | өмірбаяны
Балта Құсайынұлы Қосбармақ 1961 жылы 2 наурызда Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы Жармыш ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын бітірген. Мамандығы – құрылыс инженері. Кезінде аудандық, облыстық айтыстарға да қатысқан. «Маңғыстау облысына – 35 жыл» мерейтойлық медалінің, Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасының» иегері.
2011 жылы Алматыдағы «Информ-А» баспасынан «Жиырманың жырлары» атты тұңғыш өлең кітабы жарық көрді.
Б. Қосбармақ кейін мамандығына байланысты әдебиеттен біраз уақытқа қол үзіп қалды. Бұл кітап – Балтаның сол 1974-1984 жылдар аралығында жазылған жастық шақтағы жырларының топтамасы.
Туған жер, Отан, әке, ана, өмір, өлең, достық, арман, махаббат сияқты алуан түрлі тақырыптарды арқау еткен өлеңдердің тілі шұрайлы, ойы орамды, мағынасы терең де мазмұнды. Кітап сол кездегі 1980-жылдар жастарының дүниетанымы мен көзқарасын, тарихи құндылықтар мен таным көкжиегін, олар өмір сүрген дәуірдің бет-бейнесі мен тіршілік тынысын айқын аңғартады.