Балашбек Шағырұлы | өмірбаяны

0
73

Балашбек Шағырұлы 1940 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданындағы «Ақжарма» ауылында туған.

1964 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Тереңөзектегі №35 мектепте мұғалім болудан бастаған. Аудандық оқу бөлімінде мектеп инспекторы, аудандық газетте жауапты хатшы, облыстық радионың аудандық бөлімшесінде жауапты редактор қызметінде болды.

Өлеңдері «Көктем тынысы», «Жүректегі жауһарлар» атты ұжымдық жинаққа енген. «Тұңғыш» («Жалын», 1978), «Ақжарма» («Жалын», 1988), «Қара шаңырақ» («Алтын орда», 2000), «Ауыл жыры» («Шартарап», 2004), «Сөз сарасы» («Дала», 2007), «Қара шаңырақ» («Фолиант», 2008) жыр жинақтары жарық көрген.