Байжігіт Әбдіразақов | өмірбаяны

0

Байжігіт Әбдіразақов (1928–1995) – 12 сәуірде Қызылорда облысы, Қазалы ауылында туған. 1946 жылы Қазалы педучилищесін, 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ауылда мұғалім, бірнеше жыл бойы Қазалы аудандық, Қызылорда облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған.

Шығармалары: Ерлік еңбек адамдары. Очерктер. А., «Қайнар», 1968; Құрдастар, замандастар. Очерктер. А., «Қазақстан», 1968; Жаңару. Очерктер. А., «Қайнар», 1970; Сандалкөк. Повесть. А., «Жазушы», 1974; Терең тамырлар. Очерктер, әңгімелер. А., «Қазақстан», 1983; Сырдария тарландары. Әңгімелер. А., «Өнер», 1985; Дала толғауы. Көсемсөздер. 1990.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз